2016 жылғы 13 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы №645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы №645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-қүжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында:
10-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның)
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нәлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала.»;
11-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлғаларға күнтізбелік он күннен аспайтын мерзім ішінде аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;»;
көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
20 Жарияланған ғылыми мақалалар саны (бір ғылыми қызметкерге бір мақаладан есептегенде): тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала. Тең авторлықпен жарияланған мақалалар 1 қызметкерге (бірінші көрсетілген) есептеледі.
»;
көрсетілген Қағидаға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 13 мамырдағы №291 қаулысына қосымша
Ғылыми және немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін
аккредиттеу қағидасына 3-қосымша
кімге _________________________
кімнен ________________________
(Т.А.Ә.)
______________________________
Өтініш
(жеке тұлғалар үшін)
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу өткізуді сұраймын.
Қосымша:
Р/с
№ Құжаттың атауы Бар-жоғы
туралы белгі
1. Жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері
2. Жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала.
20 _____ж. «____» _______________
_______________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)